А Қ Ж О Л туралы сайт

Ескерту: Бұл Ақ жолдың "Ақ жол" партиясына ешқандай қатысы жоқ!

ҚАЗАҚСТАН - Жер бетінде туып келе жатқан жаңа рухани өркениеттің бесігі. ХХІ ғасырдың басында қазақ даласы күллі адамзатты таңғалдырып дүниежүзіне үлгі болады. (В.А.Запредельный, 1996-жыл)

Өзге кітаптар бір төбе, ал "Ақ жол" бір төбе. Себебі, Ақ жол - бақытты нұрлы болашақтың берік негізі, таяу жылдары Жер бетіне орнайтын Алтын дәуір атты қиял ғажайып заманның жобасы. Сонымен қатар халқымыздың абырой даңқын асқақтататын таңғажайып ұлттық идеологиясы және еліміздің халықаралық беделін биікке көтеретін бірегей мемлекеттік стратегиясы. Сондықтан арнайы сайт ашып кітапты халық пен биліктің құзырына ұсынып отырмын. Оқыңдар, бағалаңдар және қолдаңдар!
* Кұрылғыда Google Dosk қолданбасы орнатылған болуы қажет.

...Жо-оқ, имандай сырым! Тәңірім бойына осыншама қабілет дарытқан халықтың өркениетке жат болып қалуы мүмкін емес. Оның рухы қазақ даласында күндей көтеріліп жарқырап сәуле шашатын болады! (Адольф Янушкевич, 1832-жыл)

Бұл бет азаматтардың кітапты оқығанда алған әсері мен Ақ жол туралы түйген түйінін қысқаша жазуға арналған. Пікірдің заң аясында және мәдениетті түрде болуы керек.

ҚОЛДАУ! ҚОЛДАУ! ҚОЛДАУ!

* Ең басты мәселе Ақ жолды қолдау. Себебі күллі адамзаттың болашақ тағдыры дәл осы қолдауға тәуелді. "Халық қаласа хан түйесін сояды" дегендей егер халық қолдаса Ақ жол сөзсіз жүзеге асады. Нәтижесінде бақытты нұрлы болашақ айқара есік ашады. Ал қолдамаса, кітапта анық ескерткенімдей салдары тым ауыр болады. Ақ жолды қолдау әсіресе біздің халқымыз үшін аса маңызды. Өйткені Ақ жол жүзеге асса, бірінші кезекте халқымыздың сан ғасырлық сансыз асыл арманы орындалып, алтын таңы арайлап атып Алтын ғасыры туады. Біз үшін одан асқан бақыт жоқ. Олай болса, алтыннан ардақты оқырманым, аяулы халқым, тұтас ел болып, жұдырықтай жұмылып Ақ жолды қолдайық. Бұл игі шарадан тек қарапайым адамдардың ғана емес қолында билігі бар барша мемлекеттік қызметкердің, әсіресе құрметті Парламент мүшелері мен аса мәртебелі Президентіміз Қ.Тоқаевтың да қалыс қалмай Ақ жолды қолдағаны абзал. Жалпы Ақ жолды қолдау арқылы Алтын дәуірдің орнауына үлес қосу бүгінгі таңда өмір сүріп отырған әрбір адамның азаматтық міндеті!
* Кітапта арнайы атап өткенімдей Ақ жол - киелі жол. Оған қарсы шығуға тыйым салынады! "Кие" дегеннің не екенін әрбір адам жақсы біледі деп ойлаймын.
* Ескерте кетейін, Ақ жолды қолдау үшін кітапты оқу шарт емес. Себебі кітап қоғамтанушы ғалымдар мен мәселеге жауапты мемлекеттік институттарға арналған. Ол кітапты қарапайым адамдардың түсіне бермеуі, тіпті оқымауы мүмкін. Алайда Ақ жолдың халыққа берер көл көсір пайдасынан басқа титтей зияны жоқ. Сондықтан қарапайым адамдар кітапты оқымаса да Алтын дәуірдің игілігін көру мақсатымен Ақ жолды қолдауға, тіпті оның жүзеге асуы үшін белсене атсалысуға құқылы.
* Болашақтан үлкен үміт күтетін әрбір әділетсүйгіш әрбір адамның Ақ жолды сөзсіз қолдайтыны анық. Десе де бізге бірінші кезекте нақты мәлімет керек. Сондықтан Ақ жолды қолдаймын деген азаматтардың төмендегі нысанды толтырып жібергені абзал. Тек ғана жалған мәлімет жіберуге болмайды, сайт нысанды кімнің жібергенін анықтай алады. Сонымен қатар азаматтар Ақ жолды қолдайтынын әлеуметтік желілерге де заң аясында ашық жазуға болады.
* Халқымыздың нұрлы болашағына толық сенетін әрбір адамның Ақ жолды қолдаумен қатар жүрген жерінде адамдарға Ақ жолды жиі айтып жалықпай насихаттау арқылы Алтын дәуірдің орнауына үлкен үлес қосқаны абзал.

Мен Ақ жолды қолдаймын!

This field is required.
This field is required.
This field is required.

Тиісті түймені басып Ақ жолды қолдайтын азаматтардың түрлі көздерден алынған толық емес тізімімен танысуға болады.

Ақ жолды насихаттауға арналған түрлі шараларға қатысып әділетті қоғамның тезірек орнауына белсенді атсалысамын, сонымен қатар Ақ жолды қолдау және насихаттау шараларына қаржылай қолдау көрсетемін дейтін үлкен жүректі азаматтар болса ватсап арқылы хабарласуын өтінемін! Ақ жолды қаржылай қолдау арқылы қомақты табыс табуға болатынын да ескерте кетейін.

Сайт атауы: akhjol.kz Эл.пошта: kaz.ak.jol@bk.ru Телепон: +77773773616

Кітап сатылымда бар. Алу үшін көрсетілген нөмірдегі ватсапқа жазу керек.

Кітапты көшіріп басу немесе басқа тілдерге аудару үшін автордың рұқсаты қажет.

Барлық құқықтар қорғалады және құпиялық саясаты сақталады.